Қазақстандағы президент сайлауы: ОСК соңғы үміткерді тіркеді

Screenshot_7.jpg

Орталық сайлау комиссиясы Әміржан Қосановты ресми түрде Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер ретінде тіркеді деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оған бірқатар саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 

Онда Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі қаралды.

"Осы хаттамаларға сәйкес президенттікке кандидат Әміржан Қосановты қолдап Қазақстанның 14 өңірінен оны президенттікке кандидат ретінде қолдайтын 131 189 азаматтың қолын жинаған, олардың ішінде 129 582 қол рас болып танылды.

Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде "2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы" қаулы қабылданды", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов баяндамасында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Үшінші рет президенттікке үміткер болу жоспарымда жоқ – Трамп
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер