Аймағамбетов білім басқармаларының басшыларын айыптады

аймагамбетов.jpg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жыл басынан бері бөлінген қаржыны игеру жұмыстарын жүргізбеген білім басқармаларының басшыларын сынға алды. Бұл туралы Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында айтты.

– Біздің қоғамда қалыптасып қалған ұғым бар. Білім саласына қатысты болғаннан кейін балабақша, мектеп, білім басқармасы болсын – тікелей қаржыландырып, басқарып, тағайындап, жабдықтап отырады деген пікір қалыптасып қалған. Айналып келгенде ең бірінші сұрақ та, сын да министрлікке түседі. Бірақ тағы да айта кетейік: «Қазақстан Республикасының білім туралы» заңына сәйкес бұл мәселелер тікелей жергілікті әкімдіктердің құзыретінде. Жергілікті білім басқармалары мен бөлімдері мектептерге, балабақшалар мен колледждерге қатысты барлық саясатты іске асырады. Қаржыландыру да, жабдықтау да, компьютер сатып алып, интернетпен қамтамасыз ету де жергілікті бюджеттен болады. Қоғамда осы айтылған мәселелер көп көтерілуде. Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қаласын санамағанда өңірлерде жан басына қаржыландыру жүйесі іске асырылады. Бірақ қаражат биылғы жылдың қаңтар айынан түсіп отыр ғой. Бұл дегеніміз материалдық-техникалық базаға жұмсалатын қаржыны сіздер (облыстық білім басқармаларының басшыларына қарата) қаңтар айынан бастап игерулеріңіз керек еді. Мектептерге бұл қаражат сонда керегі жоқ па? Қалай түсінуге болады? Мемлекет беріп тұрған мүмкіндікті пайдаланбаған кезде әрине сұрақ өте көп туындайды, – деді Асхат Аймағамбетов. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға арналған байланыс пакеттері іске қосылды
  • Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді
  • Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойды
  • Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет
  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер