"Қыздарға маска қатты жарасады". Бұл туралы Елбасы Түркістан қаласына барған сапарында айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық порталы oinet.kz сайтына сілтеме жасап.
– Мен коронавируспен ауырдым, бұл ауруды ешкімнің басына бермесін. Сондықтан, маскаларыңызды шешпеңіздер. Тізеңізбен немесе шынтағыңызбен амандасыңыз. Ал қыздарға маскалар қатты жарасады. Бүкіл ертегіде ханшайымдар маска киіп жүрген, – дейді Назарбаев.
Еліміздің тұңғыш Президенті Қазақстан халқына алғыс айтты. Сонымен қатар, Назарбаев өз денсаулығын алаңдағандарға жағдайының жақсы екенін жеткізді.
– Маған денсаулық тілеп хат жолдағандардың барлығының сәлемдемесін қабылдадым. Қазақстанның, әлемнің түпкір-түрпірінен мыңдаған желехат келді. Алғысым шексіз. Менің ойымша пандемияның бітетін кезі болады. Шамамен 180 түрлі вакцина жасалып жатыр. Қазақстан да өз вакцинасын ұсынды. Ресеймен, АҚШ-пен де келісімге отырдық. Ауырмаңыздар, баршаңызға денсаулық тілеймін, – деді Назарбаев.
Түркістан қаласының даму жоспарымен танысып, Түркістан халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Сарыағаш ауданында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездескен болатын.