2020 жылғы тоғыз айда баға азық-түлік тауарларына – 7,4%, азық-түлік емес тауарларына – 3,9%, ақылы қызметтерге 2,5% жоғарылады.
Бір айда (2020 жылғы қыркүйек 2020 жылғы тамызға) бағаның өсуі жұмыртқаға – 4,4%, құмшекерге – 1,5%, макарон өнімдеріне – 1%, ұнға, сиыр етіне, шайға, мұздатылған балыққа – 0,9%-дан, жылқы етіне – 0,8%, шұжық өнімдеріне – 0,7%, қой етіне, сары майға, мәйекті ірімшікке, – 0,6%-дан, нанға, күрішке 0,4%-дан белгіленді. Салқындатылған сусындар – 1%, минералды және ас су – 0,6%, темекі өнімдері – 0,5%, алкогольді сусындар 0,4% қымбаттады.
Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге – 5,5%, жемістерге – 2,1%, сөкке 0,7% тіркелді. Баға өсімі кеңсе тауарларға – 1%, ұялы телефонға, планшетке – 0,8%-дан, ноутбуктерге – 0,7%, тоқыма бұйымдарына – 0,6%, дәрі-дәрмекке, жуғыш және тазалағыш құралдарға, тұрмыстық аспаптарға, киім және аяқ киімге – 0,5%-дан, автомобильдерге 0,4% құрады. Тас көмір – 0,9%, ағаш 0,3% қымбаттады. Баға деңгейі білім беру қызметтеріне – 2,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне – 0,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 0,5%, денсаулық сақтау қызметтеріне 0,4% өсті. Әуе көлігімен жол жүру ақысы 1% қымбаттады, ал жолаушылардың темір жол көлігімен 0,3% арзандады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына – 1,7%, ыстық суға 0,3% өсті, ал кәрізге – 0,5%, суық суға 0,2% төмендеді.