Елімізде карантиндік шектеуге өзгеріс енді

Screenshot_2.jpg

Денсаудық сақтау министрі А.Цой 5 қазаннан бастап карантиндік шектеулерге өзгеріс енетінін айтты. 

Инфекцияның алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 5 қазанынан бастап келесі шешімдерді қабылдады: 

Басқа елдермен әуе қатынасын қалпына келтіруді тоқтата тұру; Әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейстер санын көбейтпеу; 

Түркияға рейстер санын азайту. 

Екінші санаттағы елдерден келетін азаматтарға мынадай талаптар қойылады: термометрмен өлшеу; анкета толтыру; коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама (оның алынғанына үш күннен аспау керек). Анықтама қағазы болмаған жағдайда азамат карантин стационарына екі күнге жатқызылады және COVID-19 анықтайтын лабораториялық талдау жасалады. Нәтижесі шыққан соң, жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға жатқызылады, – деді министр Цой. Айта кетейік, ІІ санаттағы елдер қатарына: Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Италия, Мажарстан, Аустрия, Нидерланд, Швеция, Румыния, Чехия, Грекия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан елдері енгізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер