Мегаполис мәртебесі – дамудың жаңа белесіне жол ашты

Screenshot_6.jpg

Шымкенттің Қазақстанда үшінші мегаполис мәртебесін алуы, республикалық қала дәрежесіне өсуі инвестиия тартуға көп мүмкіндік сыйлағаны рас. Мысалы, ел егемендігін алғалы бері Шымкентке 2 трлн. теңгеден ғана астам инвстиция тартылған болса, соңғы үш жылдың ішінде қалаға 1 триллион 55 миллиард 100 миллион теңгенің инвестииясы келген.

«Ал биыл 5 айда қала экономикасына 96,9 миллиард тенге инвестиция тартылуы көп жәйтті аңғартса керек» дейді экономист мамандар.

Шетелдік инвесторлар әкелген 1,8 миллиард доллар тоғыз жоба бойынша жүзеге асуда. Бір ғана Shymkent City жобасы бойынша 2026 жылға дейін 432 миллиард теңгенің жекеменшік инвестициясы тартылып, жалпы аумағы 1,6 миллион шаршы метрді қамтитын 27 500 пәтерлі тоғыз қабатты және одан да жоғары көпқабатты 300 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

Шымкент қаласында экономиканың тұрақты дамуын жыл сайын орта есеппен 5-6 пайызға қамтамасыз ету көзделуде. Осылайша, жалпы өңірлік өнімді 2025 жылға қарай 3,7 трлн. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Бұл жөнінде Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс конференциясында баяндалды.

Межеге жету үшін қаланың өнеркәсіп саласында 2021-2025 жылдары жалпы құны 1,36 трлн. теңгені құрайтын 123 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қажет. Бұдан бөлек, жылыжай, қарқынды бау, мал бордақылау, мал және құс етін өңдеу бойынша 42 инвестициялық жоба қолға алынбақ. Сондай-ақ, ауданы 306 гектарды құрайтын индустриалды үш аймақты ашу жоспарда тұр. Нәтижесінде, қалада жоғарыда аталған барлық сала

бойынша 80 мың тұрақты жаңа жұмыс орыны ашылып, алдағы 5 жылдықта жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыздан 4,9 пайызға дейін төмендету көзделуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер