Шымкент қаласына жылдан-жылға келуші туристер саны артуда. Туристер үшін өзіне беймәлім қалада жол бағдарлау аса маңызды. Егер олар қалада жолды бағдарлай алмаса оның сапары сәтсіз болады. Бұндай сәтсіздікке жол бермеген жөн. Сондықтан да туристерге жол бағдарлайтын құралдар ұсынылуы тиіс. Осы орайда Шымкентте навигациялық стеллалар пайда болды. Бұл жаяу саяхаттайтын туристер үшін қалалық навигацияның элементі. Шымкентте ағылшын және мемлекеттік тілдегі тәжірибелік стелалар орнатылды. Қажет болса, жазулар орыс тілінде болады.
Стеллалардың көмегімен турист сол немесе басқа туристік нысанды немесе аттракционды таба алады. Стелалар кездейсоқ орнатылмайды, барлығы арнайы бекітілген белгілі жерлерге қойылады. Яғни туристер көп жүруі ықтимал аймақтарда болады.
Өткен жылы қалада алғашқы 30 навигациялық стела пайда болды. Осылайша билік бұл кәсіпке бизнесті тартқысы келеді. Айтпақшы, кәсіпкерлер стеллалардың жарнамаға арналған элементтер ретінде тиімді екенін түсінді. Бұрын олар бұл идеяға салқын қараса, қазір қызығушылық танытуда.
Бір стела бюджетке шамамен 300 мың теңге тұрады.