Дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорын пайдалануға беріледі

Screenshot_2.jpg

Коронавирус дерті өршіген кезде дәрі-дәрмекке сұраныс күрт артты. Тіпті халық керекті дәріні таппай қиналған кездер де болды. Сол кезде фармацевтика саласы мықтап қолға алынды. Халыққа қажетті, дер кезінде табылуы тиіс дәрілер өзімізде өндірілуі аса маңызды болды. Шетелден дәрі күтпей өз елімізде дәрі өндірілсе, бұл бірінші кезекте халықтың денсаулығына, екінші кезекте мемлекет экономикасының дамуына зор үлесіп қосады. Осы орайда елімізде дәрі-дәрмек өндіретін кәсіпорындарын салына бастады.

Соның бірі Шымкент қаласында "Оңтүстік" индустриалды аймағында салынуда. Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, "В.А.Е.R" ЖШС салып жатқан жобаның құны - 316 млн теңгені құрайды. Жақын арада аталған қаржы толық игеріліп, кәсіпорын пайдалануға берілгенде 5400 п.м өнімін өндірмек. Кәсіпорын 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Қала тұрғындары дәрі тапшылығын сезбей, отандық сапалы дәрі-дәрмекті пайдаланады. Ең бастысы - адам денсаулығы екенін назарда ұстаған кәсіпорын халыққа сапалы дәрі-дәрмек ұсынбақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер