Айбек Сәттібаев: Hyundai Otyrar-дың қала экономикасына ықпалы оң болады

Screenshot_7.jpg

Шымкентте Hyundai Otyrar дилерлік орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Сенімді, стильді, заманауи және тиімді HYUNDAI автомобильдерін енді мегаполистегі жаңа автосалонында да сатып алуға болады.

Он айдың ішінде салынған дилерлік орталықтың жобасына «Астана Моторс» компаниясы 1,5 миллиард теңге жұмсаған. Бұл компанияның Қазақстан бойынша отызыншы дилері. Тұтынушылар мұнда қызметтің барлық түрін табады.

- Шымкент қаласындағы екінші HYUNDAI автоорталығы болады. Бірақ «Астана Моторс»-тың қарамағындағы 1-ші дилерлік орталық. Бұл автосалон заманға сай HYUNDAI Моторс компаниясының стандарты бойынша салынған. Бұл жерде халық HYUNDAI автокөліктерін алып қана қоймай, несие де алуға болады. Осы ескі  автокөліктерін  жаңа автокөлікке  ауыстыра алады және қосалқы бөлшек, сервис, бөліп төлеу бар, - дейді «Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев. 

- Астана Моторс» Қазақстанның автомобиль саласындағы ірі салық төлеушілердің бірі. 2021 жылдың 9 айында компания ел бюджетіне 50,8 млрд. теңге салық төлепті. Hyundai Otyrar да қала экономикасына ықпалы оң болады. Ең бастысы қаламызда 100-ден аса жұмыс орны құрылып отыр. Жұмыс орындары -бұл біздің жерлестерімізге Шымкент қаласының тұрғындарына үлкен мүмкіндік беріп отыр. Бұл халықаралық дәрежедегі Қазақстандағы ең  үлкен компания, - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев.

Жалпы,  «Астана Моторс» компаниясы 2022 жылға дейін Шымкентте тағы бірнеше автоорталық салуды жоспарлап отыр. Олардың арасында BMW, HYUNDAI дилерлік орталығы және Mycar көпфунционалды орталығы бар. Ал, әзірге HYUNDAI көліктерін Бәйтереков көшесі, 6а «Hyundai Otyrar» дилерлік орталығынан сатып алуға болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер