Шымкентте әмбебап ылғалды майлықтар шығарылады

Screenshot_8.jpg

Шымкент қаласы мәслихатының бір топ депутаты Шымкент қаласындағы «Билал» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Мекеме негізі 1997 жылы қаланған. Компания гигиена құралдарын шығарумен айналысады. Соңғы бірнеше жыл ішінде цех болмауына байланысты,  кәсіпкерлік мекеме өнімді аз-аздан шығарып, шағын қызмет түрлерін көрсетумен айналысып келген. Бұдан түсетін пайда да аз болатын.  

Сондықтан компания «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, 2021 жылы «KZI BANK» ЕБ АҚ-нан айналым қаражатын толықтыруға және жабдық сатып алуға жылына 14%-бен қаражат алды. Оның 8%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, сонымен қатар кепілзат жетпеген бөлігіне Қор өзінің кепілдігін ұсынды. 

Нәтижесінде компания «Luna Fresh» сауда таңбасымен лосьоны бар, әмбебап ылғалды майлықтар шығаруды қолға алды. Өнімнің сапасы жоғары, сұраныс бар. Майлықтар 15, 25, 72 және 120 данадан тұратын қорапта шығады. Басты артықшылығы – бағаның өзге өндірушілерден әлдеқайда төмендігі. Осының арқасында аталған өнімдерге сұраныс артқан. Кәсіпорын сұранысты қанағаттандыру үшін өнімділік көлемін арттырып отыр.

Кәсіпкерлік мекеме қазіргі уақытта 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Компания басшысының сөзінше, қызметкерлердің ортақ мақсат жолында ұйысып, талай биіктерді бағындыруға қажыр-қайраты жетеді. Аталған мекеме алдағы уақытта Орта Азия нарығына кіріп, еліміздегі бәсекеге қабілетті компаниялардың бірі болуды мақсат етуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер