Шымкентте сәбіз жаңа технологиямен өсірілуде

Screenshot_9.jpg

Қазіргі таңда кәсіпкер мен шаруа биік белестерді бағындыру үшін жаңа технологияға жүгіну керектігі жиі айтылады. Әрі бұл практикадада да дәлелденген. Жаңа технология арқылы өнімділілік пен нәтижелікке, жылдамдыққа қол жеткізуге болады. Осы арқылы өнім көлемін арттырып тұтынушыларды сапалы өніммен қамтамасыз етуге болады. Бұл бәсеке заманында өте маңызды. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияны енгізу өте маңызды. Халық ашықпай, өнімге дер кезінде қол жеткізгені абзал.

Осы орайда Шымкент кәсіпкерлері сұр топырақта сәбізді аулада өсіру технологиясын енгізуде. Алдымен «BES-TULIK» шаруақожалығында тестілеуден өтеді. Бұл тамшылатып суғару әдісін қолдану арқылы экологиялық таза өнім алуға, үй іргелік жерлерге сәбіз егу арқылы отбасылық кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді. 

Сәбіз – әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік құрамына енетін жетекші көкөніс дақылы ғана емес, техникалық дақыл ретінде де экономикалық маңызға ие. Медицина мен әдемілік әлемінде де қолданылады. 

Мемлекет басшысының ауылшаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен сату бойынша «егістіктен – сөреге дейін» жобасын жүзеге асыруда жаңа технология таптырмас әдіс болары анық.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер