Шымкентте жеке инвес­торлар 5 медициналық орта­лық ашты

Screenshot_10.jpg

Биыл Шым­кентте жеке инвесторлар тарапы­нан 10 794 орындық 21 мектеп, ал бюджет есебінен 1 920 орындық 4 мектеп ашылды. Жалпы, биыл 12 714 орындық 25 мектеп пайда­лануға беріліп отыр. Осылайша, биыл 3 ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға дейін азайып, апатты жағдайдағы білім ұяларының мәселесі толығымен шешілді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов респубикалық БАҚ-қа берген сұхбатында хабарлады. 

- Әлеуметтік саланың бірі – ме­дицина. Медициналық қызмет­тің сапасын арттыру және денсау­лық сақтау нысандарын халыққа қол­же­тімді ету — пандемия жағ­дайын­дағы маңызды міндеттің бірі. Сол себепті денсаулық сақтау сала­сын дамытуға тек бюджет қар­жы­сын жұм­самай, сонымен бірге жеке ин­весторлар көптеп тар­ты­луда. Мәсе­лен, биыл Шымкентте жеке инвес­торлар 5 медициналық орта­лық (Модульді жұқпалы ауру­лар ау­руханасы, «Қазығұрт» кли­ни­ка­сы, Asem Medikal медицина орта­лы­ғы, Sunkar Premium меди­цина орта­лығы, №14 емдеу орта­лығы) ашып, тағы 3 медициналық меке­менің күрделі жөндеу жұмы­сын аяқтады.

Одан бөлек, қаладағы емдеу ме­кемелерінің материалдық-тех­никалық базасын нығайтуға бюджеттен 6,3 млрд теңге бөлінді. Бұл денсаулық сақтау ұйым­да­рының қажетті құрал-жабдық­тар­мен қамтылу көрсеткішін 75,1 пайызға жеткізуге жол ашты.

Ұрпақ саулығы – ұлттың басты байлығы. Ал саламатты ұрпақ өсіру­дің бірден-бір тиімді жолы – бұқаралық спортты дамыту. Сон­дықтан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бұл мәселеге де тиіс орын берілген. Биыл сайлауалды тұғырнаманың «Бұқаралық спортты дамыту» бағыты бойынша Шымкентте 7 стрит-воркаут алаңшасы ашылды. Сондай-ақ бюджет есебінен – 101, демеушілер есебінен 14 спорт алаңшасын ашу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жалпы, Шым­кентте қазір 37 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Биыл жеке инвес­торлар есебінен 1 200 орындық 2 спорт кешені ашылды, - дейді қала әкімі. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер