Тарихи-мәдени экскурсия балаларды тәнті етті

Screenshot_13.jpg

Шымкент қаласының көрікті жерлерін насихаттау - қалалық туризм басқармасының негізгі міндеті. Көрікті жерлерді насихаттау арқылы өзге өңірлерден турист тартуға болады. Ал турист қала экономикасының дамуына зор үлес қосары белгілі. Олар қалада кемі бір күн болған күннің өзінде қонақ үй, мейрамхана, саябақ секілді жерлерге баратыны белгілі. Мұнда олар белгілі бір көлемде қаражат жұмсайды. Ал бұның бәрі қала экономикасына салық болып бір бөлшегі оралады. Сондықтан да туризм саласына дендеп көңіл бөлген аса маңызды. 

Осы орайда бүгін Шымкентте "Экология және туризм" орталығында білім алатын оқушы балаларға арнайы "Visit Shymkent" туристік ақпараттық орталығы экскурсия өткізді. Аталған іс-шара "Шымқала" тарихи-мәдени кешенінде өтті. "Visit Shymkent" ақпараттық орталығы мен "Экология өлкетану және туризм" мекемесінің меморандумы аясында өткен экскурсияға 73 бала қатысты. Көптеген танымды ақпараттар мен көне жәдігерлер балаларды тәнті етті.

Экскурсия барысында балалар Шымкент қаласының тарихына сусындап, қала болашағына көз жүгіртті. Олар қала туралы жағымды әсерлерін бойда сақтап, зор әсер алды. Алдағы уақытта баланың бойында патриоттық, мақтаныш сезімін ұялататын мұндай экскурсиялар жиі ұйымдастырып тұрмақ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер