Жастар туризм саласы жайлы талқылады

Screenshot_14.jpg

Туризм саласы Қазақстанда кең қанат жая бастады. Алыс-жақын шетелдерден Қазақстанның көрікті жерлерден көруге арнайы келетін туристер саны артқан. Сол себепті де туристерге қызмет ету өте маңызды. Алдағы уақытта елімізге ағылатын туристер саны арта бермек. Ал олар сапалы қызметті қалайтыны белгілі. Сондықтан да жас өскін - балалар мен жасөспірімдерге туризм саласының әлеуетін түсіндіру қажет. Себебі балалар - ертеңгі жас. Ал жастар - қоғамдағы негізгі қозғаушы күш. Елді жастарына қарап тануға болады. 

Осы орайда жастармен жұмыс жүргізудің берері мол. Бүгін «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Айдарәлі Раманов «Даналық бейсенбі» жобасында қонақта болды. Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларымен өткен кездесуде шәкірттер тарапынан жан-жақты сауалдар қойылды.

Спикер жастармен өмірлік тәжірбиесі, жетістіктері туралы ой бөлісті. Жастарға туризм саласының болашағы туралы айтылып, Шымкенттің туризмге қосар үлесі мол екендігі түсіндірілді. 

Кездесу барысында қызықты сауал қойған оқушыларға спикер "Qazaq Republic" брендінің арнайы сыйлығын табыстады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2,5%-бен 5 мың микрокредит: 2025 жылғы "Ауыл аманаты" бағдарламасындағы өзгеріс
  • Қазақстан және ЕАЭО: Экономикалық жетістіктер мен ел үшін негізгі тиімділігі
  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер