Туған жерді насихаттау, оның көрікті жерлерін паш ету - бүгінгі әрбір азаматтың міндеті. Әрбір бала өз туған жерінің, туған елінің көрнекті қалаларын біліп өскені абзал. Сонда ол елге адал қызмет істеп, өсіп-өркендеуіне күш салады. Өз жерін қадірлеген жас болашақта туған жерін өзгелерге де насихаттап қадірлете алады. Бұл өз кезегінде туризм саласың өсіп-өркендеуіне, алға жылжуына өз септігін тигізеді. Сондықтан да балалармен, жастармен тығыз қарым-қатынаста болған өте маңызды.
Осы орайда бүгін "Visit Shymkent" туристік ақпарттық орталығының ұйымдастыруымен оқушы балаларға арнап,"Экология, өлкетану және туризм орталығында" "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің музейінде экскурсия өткізілді. Аталған іс-шараны Қазақстанға танымал археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Подушкин жүргізді.
Белгілі тарихшы облысымыздың аумағында жүргізілген археологиялық жұмыстар барысында өзі тапқан жәдігерлермен балаларды таныстырды. Экскурсия маңызды ақпаратқа толы және жоғарғы деңгейде өткізілді. Балалар экскурсиядан өздеріне керекті ақпараттарды ала біліп, туған өлке тарихы туралы көптеген тың мағлұматтарға қанықты.