Шымкент қаласын бүгінде республикамыздың бүкіл өңірі біледі. Шымкентке арнайы сапарлатып, қаланы өз көзімен көруді қалайтындар да саны артып келеді. Бұл - қаланың имиджі артып, туристік әлеуеті мен болашағының зрп екендігін білдіреді.
Жақында Шығыс Қазақстан облысы, «Риддер» қаласынан келген бір топ оқушылар Шымкент қаласына арнайы келді.
Шаһарға ат басын бұрған қонақтарды «Visit Shymkent» ақпараттық орталығының кәсіби гид маманы Гүлнар Кенжетайқызы ақпаратпен қамтамасыз етті.
Атап айтар болсақ, қаламыздың мәдени әрі туристік нысаны саналатын «Цитадель» қорғаны, «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерін аралады. Кезекті саяхат қала брендіне айналған «Бәйдібек би» ескерткішімен жалғасып, «Дендро» және «Зоосаябақта» аяқталды.
«Visit Shymkent» өзіндік ерекшелігі бар көне шаһар келбетін көргіңіз келсе, сапарыңызды шырайлы қала Шымкентке бағыттауды ұсынады. Саяхаттың сапалы әрі сәтті болуына «Visit Shymkent» кепілдік береді.
Айта кетейік, орталық тарапынан Шымкенттің кез-келген қонағына шаһар аумағында сапалы әрі ақысыз қызмет көрсететін кәсіби гид-экскурсовод ұсынылады. Бұл туризм саласының дамуына зор ықпалын тигізеді. Тегін кәсіби қызмет алған туристте қала туралы, қала халқы туралы жағымды пікір қалыптасады.