Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді

Screenshot_1.jpg

Шымкент қалалық Дін істері басқармасының қолдауымен және «Сарын» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, «Жусан» әлеуметтік операциясы аясында елге оралған қандастарымыз өңіріміздегі тарихи-мәдени орындарға саяхат жасады. Бұл өз кезегінде қала туризмін дамытуға үлесін қосады. Шымкент қаласының көрікті жерлерін аралаған қариялар зор әсер алса, бұл әсерін жақындарымен бөліседі. Ал олар да Шымкент қаласын көргісі келіп, арнайы ат басын бұрып келуі әбден мүмкін. Сондықтан да қаланың көрікті жерлерін қандастарға аралату өте өзекті.

Аталмыш іс-шараның мақсаты - террористік аймақтардан оралған азаматтарды қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу және өзінің туған өлкелерінің мәдени орындарымен таныстыру. Елге оралған 60-қа жуық қандастарымыз Шымкент қаласы және Түркістан облысы аймағындағы қасиетті орындарды аралаудан бастады. 

Ең алдымен, киелі Қазығұрт ауданындағы «Кеме қалған» монументінің тарихымен танысып, Шымкент қаласындағы «Цитадель» қалашығын аралаумен жалғасты. Сонымен қатар, елге оралған отандастарымызға басқарма тарапынан әзірленген концерттік бағдарламалар арнайы әзірленіп, естелік сыйлықтар тарту етілді

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2,5%-бен 5 мың микрокредит: 2025 жылғы "Ауыл аманаты" бағдарламасындағы өзгеріс
  • Қазақстан және ЕАЭО: Экономикалық жетістіктер мен ел үшін негізгі тиімділігі
  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер