Тұрғындарға мінсіз қызмет көрсетеді

Screenshot_6.jpg

Түлкібас аудандық емханасында «Түркістан адалдық алаңы», «Әлеуметтік қызметтер орталығы», «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» деп аталатын  жаңа қызмет көрсету орындары ашылды. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен мәслихат хатшысы Сәдуақас Сейсенбаев қатысты. 

 - Алдағы уақытта баяғыша кезек күтіп, әр есіктің тұтқасын қағып табандарыңыздан тозбайтын боласыздар. Мына жердегі цифрлы теледидар арқылы тиісті дәрігеріңізге жазылып, ем қабылдау нұсқаулығын аласыздар. Тіпті, бұл жерге келмей-ақ арнайы сайтты қалта телефоныңызға тіркеп алып, үйде отырып-ақ дәрігеріңіз жайлы мәліметті толық оқи отырып, кезекке жазылуға болады. Бұл сіздердің қажеттеріңізге жарасын деп жасаған жаңа әрі тың дүниеміз. Сонымен қатар, сіздер «Адалдық алаңындағы» арнайы психологтармен жолығып,  проблемаларыңызды шешесіз. Таза әрі жайлы осындай алаңда отырып, кезек күтіп көңілдеріңізге тыныштық, күш пен жігер жинайтындарыңызға кепілдік мол. Қарапайым халыққа қалтқысыз, адал, таза қызмет көрсететін дәрігерлер мен емхана ұжымына алдағы уақытта сәттіліктер тілей отырып, үлкен сенім білдіремін, - деді жаңа орталықтарды жұртқа таныстырған емхананың бас дәрігері Бахыт Кеңесбекұлы. 

    Одан әрі аудан әкімі арнайы нысандармен танысып, жөндеу жұмыстары аяқталған бірқатар орындарды аралады. Цифрлы теледидар-нұсқаушымен жіті танысып, халықты осыған үйрету жұмыстарын жүргізу керектігін тапсырды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер