Отырар ауданында 50 МВТ күн электр станциясы салынуда

Oinet.kz 29-12-2024 193

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында өндірісті ұлғайтып, елге қажетті жобаларды жүзеге асыруға үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр.

image.png

Отырар ауданында «Аrm Wind» ЖШС-і 100 гектар аумаққа 50 МВТ күн электр станциясының құрылыс жұмыстарын бастады. Жобаның жалпы құны 14 млрд 700 млн теңге. Станция жұмысы толық аяқталғанда тұрақты 50 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Сондай-ақ, ауданда биыл «Тансари ТредингА» ЖШС-ң жоғарғы сұрыпты бақша өнімдерін өндіру кешенінің құрылысы басталады. Жоба құны 1 млрд 700 млн теңге. Онда тұрақты 153, ал маусымдық 350 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда жобаны кәсіпкерлерді қолдау картасына енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2023 жылы Қарғалы ауыл округіне қарасты ауданның индустриалды аймағында іске қосылмақ. Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысымен аудандағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлық деңгейі 63,9 пайызды құраған.

Биыл жергілікті бюджет есебінен 252 млн теңгеге 21 ішкі көшеге орта жөндеу жұмыстары жүрмек. Өткен жылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында туристік бағыттағы күрежолдың бойын абаттандыру жұмыстарын басталған. Биыл осы мақсаттағы жұмыстар жалғасатын болады.


Төлеби ауданының Ханарық ауылы табиғи газға қосылды
Ордабасы ауданында 27466 тал көшеті мен 31000 түп гүл отырғызылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу