Ауылдарда қарқынды бау-бақша шаруашылығы қолға алынуда

Oinet.kz 29-12-2024 191

Ордабасы ауданына қарасты ауылдық округтерде соңғы жылдары бау-бақша дақылдарын егу қарқынды жүргізілуде.

image.png

Мәселен, бір ғана Жеңіс ауыл округінде 54 гектарға бау-бақша егілген. Олар "Нұр" өндірістік кооперативі 8 гектар жерге алма ағашын, "Береке - 1" шаруа қожалығы 17 гектар аумаққа алма және сары өрік, "Оспан" шаруа қожалығы 5 гектарға алма ағашын, "Бекбердиев и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 14 гектарға алма ағашын, "Теңіз" шаруа қожалығы 10 гектарға алма және сары өрік еккен.

Аталған ауыл округінде шаруашылыққа қажетті су жалпы 5 канал арқылы келіп отырады. Бұл су көздерінің барлығы дерлік Арыс-Түркістан каналынан бастау алады.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімін тиімді пайдалана отырып, екі өнім алып жүрген ауыл жастарының қатары көбейіп келеді.

Жерден ризық-несібесін іздеген еңбекқор жастың бірі – Қараспан ауылдық округіне қарасты Көлтоған ауылының тұрғыны Үмбет Мамытхан.

Бастапқыда 583 400 теңге грант алып, қияр өсіретін жылыжай кешенін салған іскер азамат кейіннен өз қаржысымен өндіріс көлемін ұлғайтқан. Қазіргі таңда «Мамытхан Ү» ЖК 8 гектар алқаптан жылына екі рет өнім алып, табысын еселей түсуде.

Бүгінде жобалық кұны 2 миллион теңгеден жоғары жылыжай кешенінде ауыл жастары маусымдық жұмыспен қамтылуда.


Ордабасы ауданында ауыл шаруашылық саласы көш бастап тұр
Шөкеев жаңа шағынаудандағы жаңа мектепті ашып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу