Өнер жұлдыздары қаншалықты қайырымды?

44

Қиналғанға қол ұшын созу кім-кімге де парыз. Қазақ жетімін жылатпаған халық деп жатамыз. Қайырымдылық ісіңнен көрінеді, дейді қазақ. Қайырымдылық-асыл қасиет. Соңғы жылдары елімізде түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандар саны артып келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, оларға ақпараттық қолдау білдіріп, демеп отырудың маңызы зор. Көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасау, қарттарды аялау, мүгедектерді қолдап-қорғау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы. Ендеше біздің шоу бизнес өкілдері қайырымдылықпен ұштасқан   іс-шараларға  қалай қарайды екен?

Әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай, актриса Қарлығаш Мұхамеджанова мен бұйымдардан  брэнд қалыптастырушы Ольга Ким үшеуі бірлесіп бүгінде Алматыда қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп жатыр. Демалыс күндеріне жоспарланған шарада өнер иелері сәнді көйлектер мен бағалы киімдерін арзан бағада сатады. Әшекей бұйымдары мен тәттілерді де осы жерден табуға болады. Жәрмеңкеден түскен табысты қыздар Әлихан есімді бөбектің емделуіне беруді жоспарлап отырмыз дейді.

Кез-келген бейнебаянын көрсең ашық — шашық киіммен жеңілтек қыздардың бейнесін сомдайтын Лидоны қайырымды жан деп ешкім есептемейді. Алайда, біресе әншілік, енді біресе дизайнер болып танылған өнер иесі жақында атақты дизайнерлердің қолынан шыққан аяқ киімдерін әлеуметтік желіге жариялады. Лидо жиналған қаржыны ауру бөбектердің ем-домына жұмасайтынын айтты. Қайырымдылық  шарасын әнші осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеді. Өткен жылы бірыңғай әшекей — бұйымдарын сатудан түскен бар қаржыны науқас балаларға аударса, биыл аяқ —  киімдерін сатып онысын бес жастағы  қыздың Америка елінде  ота жасауына аударған. Ал  әнші Бақыт Шадаева балалар үйіне тегін кеш ұйымдастырады екен. Таяуда әнші Астанадан Алматыға көшіпті. Қызметіне байланысты.

Көпшілікті өзінің әндерімен баурап алған Сиви Махмуди барлық шет елден келген брендтік көйлектерін қол жетімді бағада сатқан. Сонымен қатар әр сатып алушыны Сиви Махмуди өзі қабылдап, көйлек таңдауға көмек береді. 300000-600000 аралығында тұратын көйлектерін небәрі 7000-150000 теңге аралығында өткізіп жатыр. Көйлектер мен түрлі аксессуарларды сатудан түскен қаржы арқылы  Сиви Гүлнұр есімді сал ауруымен ауыратын, көп балалы отбасынан шыққан жас қызға көмектескен.

Халық әртісі Роза Рымбаева қайырымды жан екенін жарияламайды. Қатты ұялатын сияқты. Сондықтан эстрада жұлдызын ешкім қайырымды жандардың қатарына қоспайды. Әнші «Сезім» атты бейнеклипін түсірген болатын. Жұмсалған қаржы бір миллион теңгеден асады. Өздерін жарнамалау үшін әртістер ештеңеден аянып қалмайтыны анық. Ал қайырымдылық жасауға келгенде біраз абдырап қалатындарын жасыруға болмас. Жыл сайын Майра Ілиясова «Жан анам» атты авторлық кешінен түскен қаржысының 5-8 мың долларын көмек ретінде науқас балаларға аударып отыруды әдетке айналдырған.

Дегенмен әлемдегі танымал жұлдыздардың көпшілігі қайырымдылық шараларын жиі жасау арқылы көзге түсетіндері белгілі. Мәселен атақты Голливуд жұлдыздары Анжелина Джоли мен Бред Пит табыстарының 25 пайызын жетім балаларға үй салып беруге жұмсаса, ал Мадонна Африкадағы  СПИД ауруына шалдыққан балалардың еміне қаржы аударып отырады екен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here