Отыз мыңнан астам маман медсақтандыру бойынша оқытылды

14

Оңтүстік Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 2016-2017 жылдары барлық емдеу мекемелерінің қызметкерлері түгел білімдерін жетілдірген. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ғалымжан Әбіш хабарлады.

«Дәлірек айтқанда, олардың жалпы саны – 30057, барлығы да медициналық білімі бар мамандар. Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес 117 жеке меншік медициналық ұйымда семинар оқуы өткізілді. Сонымен қатар, биыл Ұлттық медициналық білім беру орталығымен келісім шарт негізінде екі жарым мың дәрігер оқытылды.  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың оқыту тренингтерінің сапасы және көзқарасы бойынша медициналық қызметкерлердің арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізілуде» дейді Ғ.Әбіш.

Оның айтуынша, медсақтандыру жүйесін ақпараттық түсіндіру жұмыстарының үшінші кезеңінде облыста тұрғындармен 1565 кездесу өткізіліп, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары 579 мыңнан аса ақпараттық материал таратқан, 7273 стенд, бес билборд ілінді. Аудан, қала әкімдіктерінің, медицина ұйымдарының қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 949 түсіндіру жұмыстарын жариялады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here