Түлкібаста мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сауықтыру орталығы ашылды

41
. Елімізде бүгінде халық арасындағы әлсіз топтарға, әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отба¬сылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға түрлі бағытта көмектер көрсетіліп, оларға қоршаған ортада қолайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Осы мақсатта мемлекет тарапынан жасалған көмектің арқасында аудан тұрғыны І топтағы мүгедек жан К.Сәриева игі іске бел буып, аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануға арналған сауықтыру орталығын тұрғызып, ел игілігіне беріп отыр. Орталықта дене шынықтыруға қажетті тренажерлық құрал-жабдықтар кеңінен қамтылған. Мәселен, веложаттығу, механикалық жолақ, күшпен жаттығу, пресс-жаттығу, серіппелі жаттығу, зілтемір тағы басқа да құралдар бар. Кез келген мүмкіндігі шектеулі жан келіп, еркін жаттығуына жағдай жасалған. Нысанның құрылысы мен құрал жабдықтар алу жұмыстарына аудан тұрғыны К.Сәриева «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 1,5 млн грант ұтып алып, қалған қаржыны өз қаржысын жұмсаған.
Сонымен қатар нысанның құжаттарын рәсімдеуге аудан әкімдігі мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы көмек көрсеткен. Орталықта 3 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы айта кететін жайт, ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сауықтыру орталығы алғаш рет ашылып отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here