Ж.Қалыбай: «Қазақ тілінің мәселесін көтергендердер — террорист»

2351

Кезінде Эйр-Астана ұшағы бортында қазақ тілінде өзіне қызмет көрсетуді сұрап, артынан жазықты боп танылған белгілі жорналшы Жарылқап Қалыбай қазақ тіліне қатысты мәселе көтеретіндердің қалай әділетсіздікке ұшырайтынын айтып берді.

Бұл туралы ол Facebook-тегі жеке парақшасында жазба жариялады.

„… Мен Эйр Астанамен сәуір айында Алматыдан — Астана — Франкфурт на Майнеге дейін ұштым. Орыс және ағылшын тілінде аудиоxабарлама жасалды, бірақ қазақша болмады. Стюардесса қыздардың біреуінен: «Неге қазақ тілінде xабарлама жасалған жоқ?» деп едім, жауап бермеді. Кейін білдім, борттағы 5-6 стюардессаның бір де бірі қазақша сөйлемейді екен.

Ал, мен мұндай жағдайда бір рет мәселе көтеріп, бірақ жазықсыз жазалы болғандықтан, еш жерге арызданбадым.

Себебі, басқасын қойғанда, әділет іздеп жүрген оппозициядағы қазақтың өзі қазақ тілін қорғамақ түгілі өздері сөйлемейді және қазақ xалқының тілдік қысым көріп отырғанына көз жұма қарайды, ал Қазақстандағы xалық бұл мәселеде басым көпшілігі орысша сөйлеп, қазақша сөйлеген адамның аузын жабуға айналды.

Тілдік әділетсіздік мәселесін көтерген кез-келген қазақтілді адамды орыстілді баспасөз бен орыстілді адамдар «националист», «фашист», «террорист» деп айдар тағып, барлығы жабылып, қуғындайды… сені жазықсыз жазықты етіп соттайды, қылмыскер етіп шығарады„

делінеді Жарылқап Қалыбайдың жазбасында.

Еске сала кетелік, бірер күн бұрын Эйр-Астана ұшағында түрік азаматы өзіне қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұрап, кейіннен сол үшін „бортта тәртіпсіздік орнатты„ деген айыппен оны полиция ұстап әкеткен. Түрік азаматына Қазақстан соты 6 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

20 ПІКІРЛЕР

  1. Недеген сорлы халықпыз . Ар намыс деген умытылдығои. Кеңес одағы кезінде булай мəңгурттенбеб едік .Енді қазыргі жастар аузын қисайтып орысша сөйлегенге бейім. Жоғарыда отырған чиновниктер өздері жетістіріп қазақша білмейді. Халық қайда барсын. Балық басынан шіриді деген осы екенғои.

  2. Сұмдық өз тілінен уялган қазақтан басқа ешбір халық жоқ. Өзбекстан та өзбек тілінде сойлемесен саған бұрылыпта қарамайды екен. Неге сонша орыс ты әулие көріп қалды екен бұл Қазақ.

  3. Өкіметті ауыстырмай,өкімет басына ұлтжанды адамдар келмей, Қазақстан Мазақстан болып жүре береді!

  4. Шəкіртақы деген сөзге түсінбей тұрған министр.енді не айтуға болады.біздің мекемеде бастықтар не қазақша не орысша жаза алмайды.қате қате.бітік ғой қалыбай аға .

  5. Маскара сумдык оз елимизде енди оз ана-тилимизде сойлете алмасак бизди бир албастынын басканы деп
    билем.Сонда не биздин ана-тилимиз сорлы байкус жетим болганыма? Мен осылай тусинип отырмын биз сорлы халыкпыз.

  6. Биз бир жылдары Ташкентке бардык бир жумыстармен жанымдагы кыздар бари ол кезде орыс тилинде сойлейтин ол кез Совет заманы.Дукендерине барып кыздар орыс тилинде ананы бериниз деп еди караганда жок сойлескенде жок.Содан мен казахша айттым сол ана койлектин багасы канша турады деп едим маган жылы шырай танытып жауап катты,бирак айтты мына жаныныздагы кыздарга айтыныз дукеннен кетсин орыс тилинде сойлесе биз жауап катпаймыз деди шын созим сениниздер.Сол кезде мен тусиндим Озбектер кандай оз ана-тилдерин ешкимге сатпайтынын.

  7. Аузы күйген бір байғұс !Тілі күйіп қалып сорпа саған сөз жоқ деген екен!Қазақша сөйлесе бір жері қисайып қалады!

  8. Үмітсіз шайтан деген. Болашақтан үміт күтейік. Балаларымызды қазақша мектепке берейік. Қазақтар көбейейік.

  9. Иə қазақтың өз тілі өз елінде өгейсігені жанға батады,малда өзі тілінде маңырайды,мөңірейді,кісінейді осылар құрды болмадық, сорлы қазақ….

  10. Балық басынан шіриді демекші басы шірік болғансоң солай болады.Ана тілін құрметтемеген басқамен басын ауыртама.Көб ұлттымыз деб тілдің тағдырына қарамайды осының бəрі келеңсіздікке ұшыратады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here