Шағын кәсіпкерлік шарықтап тұр

image_750x_5b17830e1cf1b.jpg

Шағын және орта бизнестің қарқынды дамуы жөнінен Шымкент алдыңғы қатарда. Қалада шағын кәсіп ашқысы келетіндердің саны көбеймесе азайған жоқ. Қазіргі жастардың көбісі мал бордақылау, зергерлік бұйымдар шығару, әсемдік салонын ашуға құмар. Мәселен, «Оңтүстік» кәсіпкерлік мектебінде бизнес-жоспар жасайтындардың 80 пайызы – ауылшаруашылық саласында. Өйткені, қаржының көп бөлігі сол бағытқа бөлінеді. Микроқаржылық несиелер, екінші деңгейлі банктерден несие алуды қолай көреді. Тігін, жиһаз цехтары, тіл курстары, жекеменшік балабақша ашып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар, дизайнерлік, IT саласында да тың жобалар ұсынатын қабілетті ұл-қыздар бар.  Статистикаға сүйенсек былтыр Шымкент қаласында жалпы тіркелген бизнес субъектілердің саны 75 768 бірлікке жеткен. Оның ішінде заңды тұлғалар – 19 064 бірлік, шаруа қожалықтар – 2 850 бірлік, жеке тұлғалар –53 854 бірлік. Шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін жұмысшылардың саны – 140 123 адам.  Қалада кәсіпкерлік мектебінің жанынан «Коворкинг» орталығы ашылғаны мәлім. Бұл жастар үшін тиімді болып тұр. Әсіресе, бастауыш кәсіпкерлер үшін. Осында оқытады, кеңес береді. Келіссөз жүргізу үшін конференц-зал жұмыс істейді. Интернет, компьютерді қолдану, бәрі тегін. Осы жерде идеяларын дамытуға барлық жағдай бар. Кейде кәсібін жаңадан бастаушылардың отыратын кеңселері болмайды. Үйінде жұмыс істеуге мүмкіндіктері жоқ. Сол кезде осында келіп, 3-4 адаммен бірлесе жұмысын бітіріп алуына мүмкіндік мол. 

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Шағын кәсіпкерлік шарықтап тұр