Тәуекел Мүслім өзінің сүйіктісі және қашан үйленетіні жөнінде айтты

image_750x_5b15096c3a8d4.jpg

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім шаңырақ көтеруге бел буғанын мәлімдеді. Бұл қуанышты жаңалығын ол Instagram желісіндегі тікелей байланыс кезінде айтты деп хабарлайды Sn.kz.


"Менің сүйген қызым бар. Өте бақыттымын деп айта аламын. Жақын күнде тойым болады. Мүмкін бір және екі жыл ішінде үйленіп қалармын", - деп жауап берді Тәуекел Мүсілім өзіне сұрақ қойған жанкүйерлеріне. 


Желі қолданушылары болса актерге бақыт тілесе, кейбірі қалыңдықтың әнші Жанар Дұғалова болуы мүмкін екенін жазды.


Өйткені, Жанар да жуырда БАҚ тілшілеріне берген сұхбаттарында күйеуге шығатынын мәлімдеген болатын. Оның үстіне, екеуінің бірге демалып жүрген суреттері бұған дейін әлеуметтік желілерде талай жарияланды.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Тәуекел Мүслім өзінің сүйіктісі және қашан үйленетіні жөнінде айтты