Алуа Қонарова "қас жауы" Баян Мақсатқызы жайлы бүкіл шындықты ашып айтты

image_750x_5b18ecf251d19.jpg

Отандық танымал продюсер Алуа Қонарова «The Эфир» жобасында берген сұхбатында Баян Алагөзовамен арасында болған кикілжің туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Продюсер кезінде өзі бастап құрған «Кешью» тобы туралы айтты. Алғашқы жылы қыздармен продюсер ретінде жұмыс істеген Алуа «Ринго» тобы құрылғаннан кейін әнші қыздарды Баянға беруді жөн көрген екен.


Айтуынша, Баянның ол кезде продюсер ретінде тәжірибесі болмағандықтан, алғашқы бейнебаян түсірілімінде көмектескен.


«Баян менен өзі қоңырау шалып, ақыл-кеңес сұрап тұратын. Кейін арамызда келіспеушілік пайда болып, ұрыс-керіске айналды. Бұл расымен де соғыс болатын. Бірақ уақыт өте келе екеуіміз бір телевизиялық жобада кездестік. Сонда отырып, екеуіміз айқай-шуды жылы жауып қоя салу туралы сөйлестік. Біз қазір көп өзгердік. Барлық реніштерге нүкте қойдық», - деді ол.


Атышулы продюсерлер арасындағы реніш алты жылға созылған. Алуа екеуінің арасындағы ұрыстың себебін бәсекелестік деп көрсетті.


«Бәлкім сол кезде «кім мықты» деп таласқан шығармыз? Әлі есімде сол уақыттарда белгілі бір баспа жыл сайын ең үздік продюсерді анықтайтын. Баян екеуіміз кезектесіп, бірінші орында тұратынбыз, яғни бірде ол, бірде мен», - деді