Шымкент қалалық білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды

image_750x_5b0e7937b96a7.jpg

Соңғы қоңырауды бас мұғалімсіз өткізген Шымкент қаласына білім бөлімінің басшысы тағайындалды. Бір айдан астам бос тұрған орынға Шымкент қаласы әкімінің өкімімен бүгін Мұрат СерікбайұлыБазарқұлов тағайындалды.

Бұған дейін Мұрат Базарқұлов Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Еңбек жолын 2002 жылы ақпараттандыру және қоғамдық келісім бөлімінде маман болып бастаған.

ОҚО тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары болған.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Шымкент қалалық білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды