ІІМ министрі Қазақстанда ең көп тараған қылмыс түрін айтты

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халыққа есеп беру кездесуінде еліміздегі қылмыс санына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министрдің айтуынша, республикада үй тонау, ұялы телефон ұрлығы және ауылды жерлерде мал ұрлығы басылмай тұр. 

"Өткен жылдан бастап елiмiзде қылмыс көрсеткiшi төмендеп келедi. Мұндай жағдай барлық өңiрде байқалып отыр. Мәселен, биыл Қазақстанда қылмыс деңгейi 12 процентке азайған. Оның iшiнде тонау 15%-ға, адам зорлау 14%-ға, ұрлық 12,2%-ға, бұзақылық 19%-ға төмендеген. Қоғамдық жерлер мен көшелердегi қылмыс көрсеткiшi азайған", — дедi Қасымов.

Ол Қазақстанда ең көп тараған қылмыс түрi – бөтен адамның мүлкiн тонау екенін атап өтті. 

"Оның көрсеткiшi 67 процентті құрайды. Ал кейбiр өңiрлерде одан да көп. Мәселен, Алматыда 73%, Алматы мен Ақтөбе облыстарында 71%, Ақмола және БҚО-да 70%-ды құрайды. Әрбiр бесiншi тонау фактiсi азаматтардың пәтерi мен үйiнде жасалады. Сондай-ақ, ұялы телефон ұрлығы әлi де кең тарап отыр. Ал ауылды жерлерде мал ұрлығы басылмай тұр", — дедi ведомство басшысы.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: ІІМ министрі Қазақстанда ең көп тараған қылмыс түрін айтты