Бүгінде латынамерикалық жұлдыз Дженнифер Лопестің елордада өтетін концертіне билет толық сатылды деп жазады ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған rgmedia.kz тілшісі.
— Соңғы бірнеше күнде біздің команда әр жағдайды жеке қарап шықты, орындарға қайта отырғызып, сатып алушылармен байланысып, әр мәселені шешуге тырыстық. Қазір Дженнифер Лопестің концертіне арналған билеттердің барлығы сатылды, бізге берілген квота толықтай таусылды, бос билет жоқ, — дейді ұйымдастырушылар.
Осы орайда концертті ұйымдастырушылар келесідей шешім қабылдады:
— Билетті сатып алып, бірақ ваучер алмаған клиенттер үшін өкінішке қарай, орын қалмады. Сол себепті, билет құнын толық қайтарады және қосымша сол сома көлемінде (100%) қаражатты иесіне қайта аударады. Ақшаны қайтару уақыты банк қызметіне байланысты, яғни 3 және 10 жұмыс күніне дейін.
— Егер билет сол бағадағы басқа орынға немесе билейтін алаңға ауыстырылса, ыңғайсыздық үшін билет құнының 50% өтемақы ретінде төленеді.
— Егер билет арзанырақ орынға ауыстырылса, толық қайтарым жасалады және концертке тегін кіреді.
— Алдағы тәулікте барлық клиентке тапсырыстың мәртебесі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл жағдай бізге үлкен сабақ болды, алдағы уақытта міндетті түрде оңтайландырамыз, — деп түсіндірді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, биыл 1 тамызда әлемге танымал поп-жұлдыз Дженнифер Лопес Астанада концерт береді.