Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген

image.png

Ертіс ауданындағы экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы аудан әкімінің орынбасарына пәтер беру туралы шешімді өз бетімен қабылдаған. Ал баспана жетім баланың атында тіркелген болып шықты деп жазады ҚазАқпарат.

— Халықтың әлеуметтік осал тобына жатпайтын тұлғаларға заңсыз тұрғын үй беру фактілері анықталды. Мәселен Ертіс ауылы, Мүткенов көшесі, 32-үй, 10-пәтер мекенжайы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын қамтамасыз етуге арналған пәтерде аудан әкімінің орынбасары Роза Қабиболқызы Ақанова тұрады, — деді прокурор облыстық Әдеп жөніндегі кеңесте.

Прокуратура бұған дейін де баспананың тиесілі адамдарға берілмегенін анықтаған. Сондай-ақ бос тұрған 14 пәтер бар, бірақ белгілі себептермен шенеуніктер оны халықтың әлеуметтік осал топтарына беру бойынша жұмыс істемей жатыр.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері заңға сәйкес әрекет ету керегін, алайда әкім орынбасарының пәтерде көп тұрмайтынын ескеріп, Ертіс аудандық нақты экономика секторы бөлімінің басшысы Қайролла Елеукеновке қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
  • Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі - Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы
  • Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді - Бақыт Нұрмұханов
  • Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болд
  • Айдос Сарым: Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер