ОҚО-да қанша жерді арабтар пайдаланып отырғаны белгілі болды

Оңтүстік Қазақстан облысында жерді жалға алған бірнеше шетелдіктер бар. Бұл туралы ОҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов мәлімдеді деп жазады "Рейтинг" басылымы.

"Облыста үш жер учаскесін шетелдіктер жалға алып, пайдаланып жатыр. Бәйдібекте арабтар жалға алған жерлерінде дуадақ өсіру шаруашылығын құрған. Ал Отырар ауданындағы жер учаскесін араб азаматтары өзара келісім бойынша пайдалануда. Негізі бұл жер Қазақстан азаматының иелігінде. Арабтар одан жерді жалға алған. Сондай-ақ, Төлеби ауданындағы Сайрамсу шатқалындағы жер телімін туристік бағытта шетелдіктер жалға алу негізінде пайдалануда. Атап өтері бұл жерлердің бәрі шетелдіктерге тек жалға берілген. Келісімдер президенттің жариялаған мораторийіне дейін жасалған. Өздеріңізге белгілі, 2016 жылы жарияланған мораторий бойынша Қазақстанда 2021 жылға дейін шетелдіктерге жерді жалға беруге, ал өз азаматтарымызға сатуға тыйым салынған. 2021 жылға дейін жер қазақстандықтарға тек жалға беріледі",- дейді өз сұхбатында басқарма басшысы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер