Қазақ балаларының 90 пайызы ана тілінде білім алады

Қазақ тілін үйренудің жаңа әдістемесі әзірленді. Биылдан бастап мемлекеттік тілді білмейтін мектеп оқушылары аталған әдістеме бойынша тіл үйренеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бүгінде қазақ балаларының 90 пайызы мектепте өз тілінде білім алады. Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан түлектердің 76 пайызы тестті қазақ тілінде тапсырды. Ол — өте жақсы көрсеткіш. Енді, баса назар аударатын проблемалардың бірі — орыс мектептерінде оқитын 500 мыңға жуық оқушы қазақ тілінде сөйлемейді. Иә, әдістеменің дұрыс емес екенін жақсы білеміз. Дегенмен, жаңа әдістеме дайын. Биыл біз оны эксперименттік негізде сол мектептерге таратамыз», — деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.


Министрдің айтуынша, қазіргі кезде мыңнан астам мектеп тіл ұстартудың жаңа әдістемесіне тапсырыс беріп отыр. Аталған жүйе сәтті іске асса, онымен барлық мектептер жұмыс істейтін болады.


«Жаңа әдістеме баланың коммуникативті қабілетін дамытуды көздейді. Ондайда сөздерді жай жаттатқызып қана қоймай, сөйлеу арқылы тілді үйренуге болады. Аталған әдістемені Ахмет Байтұрсынов пен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы оқу-әдістемелік орталықтары дайындады», — деп атап көрсетті Сағадиев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер