Жастарды парасаттылыққа тәрбиелейтін мектеп ашылды

O49A6505.JPG

  Шымкент қаласында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде  «Парасат» мектебі ашылды. Оның басты мақсаты ізгілік, парасаттылық, адалдық ұстанымын алға тарта отырып сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. 

- «Парасат басқармасының жаңашылдығы үш жоба бойынша жұмыс істеп жатыр. Бірінші, саналы ұрпақ. Екінші, ізгілік елшісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы. Бұл үш бағыттың да өзіндік әсері бар. Үш бағытқа арналған жол картасы да түзіліп қойған. Мысал, ретінде айтайын. Жақында, қысқы сессия өтті. Сол кезде біз барлық аудиторияларда отырған емтихан тапсырушылардың іс-әрекетін көрсетіп отыратындай етіп барлық кабинеттердегі емтихан процесін үлкен экранда көрсетіп қойдық. Содан кейін, мониторинг жасап көрдік. Нәтижесінде, емтиханның тазалығы 86%-ды көрсетті», - деді М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры Дария Қожамжарова. 

  Сондай-ақ, аталмыш оқу ордасында студенттердің өз өзіне қызмет көрсету жүйесі бойынша «Адалдық дүкені» ашылды. Бұл дүкеннің өзіндік қасиеті бар. Ол жерде сатушы болмайды. Әркім өзіне қажетті дүниені алып, бағасын қарай отырып, ақшасын тастап кете алады. Бұл бір қарағанда жәй ғана дүкен болып көрінуі мүмкін. Алайда, оның астарында үлкен тәрбиелік мән жатыр. Мұндай дүкендерді енгізу білім алушы жастардың арасында ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталады.

 O49A6657.JPG

 «Парасат» мектебі мен «Адалдық дүкенінің» басты мақсаты жастарды адал жолмен жүруге және ешқандай сыбайлас жемқорлық әрекеттерге бармауға насихаттайды. 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Бір мезетте 500 келін сәлем салды
  • Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мәлімдеме жасады
  • Джеки Чан Қазақстанда кино түсірмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер