Ерболат Досаевтың қолы жоқ 200 теңге шығарылды

23c966f9-dbe7-45b9-9d2d-5f0a978c81f5.jpg

Әдетте Қазақстан банкноттарында Ұлттық банк төрағасының қолы қойылатын. Бірақ, бүгіннен бастап айналымға енгізілген 200 теңгеде Ерболат Досаевтың қолы жоқ. Өйткені 200 теңге монета болып шықты.

Ұлттық банктің ресми сайтында хабарланғандай монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орындалды. Монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалған. Қыры тегіс және бедерлі секторлармен кезектесіп отыратын 16 ойықпен бедерленген.

«Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра эмитент елді білдіретін «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» деген жазба бейнеленген. Төменгі жағында соғылған жылын білдіретін «2020» деген жазу бар. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде номиналын білдіретін және номинал цифрының кескінін қайталайтын көлденең сызықтар бедері аясында орындалған «200» деген жазу бар. Жоғарғы және төменгі бөліктерінде – тік сызықтар түрінде орындалған ою-өрнек кескіндері.

Монетаның төменгі бөлігінде – тарамдалған сызықтар аясында орындалған, ұлттық валютаның мәтіндік атауын білдіретін «TEŃGE» деген жазу. Монетаның сол жақ бөлігінде QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI эмитент банкті білдіретін «QUB» аббревиатурасы бар. Монетаның оң жақ бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотип).

Техникалық сипаттамалары:

Металл құрамы: нейзильбер/нибрасс

Массасы: 7,5 грамм

Диаметрі: сыртқы сақинасы – 26 мм, ішкі дискі – 18,3 мм

Қалыңдығы – 1,90 мм

Қыры: 16 ойық.

Айта кету керек, "номиналы 200 (екі жүз) теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және айналыстан табиғи тозу шамасына қарай алынады" делінген хабарламада.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Бір мезетте 500 келін сәлем салды
  • Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мәлімдеме жасады
  • Джеки Чан Қазақстанда кино түсірмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер