Өзбекстаннан бізге келетін импортта 500 млн. доллар айырмашылық бар

84344743_611769199367216_7407757161742204928_o.jpg

 Шымкент қаласының Атамекен кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабылтаев өткен жылы атқарылған жұмыстары бойынша есеп беріп, 2020 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

 Ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мемлекеттік сатып алудың жалпы сомасы 154 млрд. теңгені құраған. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша  2191 нысанға 2499 қызмет көрсетіліп, жоспарлық көрсеткіш 156,6%-ға орындалған. Жалпы сомасы 702,3 млн. теңгеге 148 жоба жүзеге асырылып, 643 жаңа жұмыс орны ашылған. Аталған көрсеткіштерге «Еңбек», «Бизнес бастау» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары айтарлықтай үлес қосып отыр. Өткен жылы «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 2955, «Жас кәсіпкер» бойынша 1400 адам оқып, бүгінде өздерінің жеке кәсібін ашқан.

- Қазіргі таңда, «Атамекеннің» жаңа даму стратегиясы жарияланып отыр. Біз, кәсіпкерлердің көпшілігін қамтамасыз ету үшін онлайн форматқа өтіп жатырмыз. Онлайн қызметке өткеннен кейін, алдағы уақытта бұдан да көп қызметтерді қамтамасыз етеміз. Бізде Атамекен Сервис деген онлайн платформа бар. Адамдар сол жақта тіркеуден өтіп, кез келген қызметтерді ала алады. Онда заңнамадағы өзгерістер, сатып алудағы жаңалықтар, мемлекеттік қаржыландыру тарапынан қандай пайыздық мөлшерлеме берілетіндігі туралы мәліметтер бар, - дейді Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлан Орынбасарұлы.

 Сондай-ақ, кәсіпкерлердің саудадағы маңызды мәселелерінің бірі экспорт пен импортқа келіп тіреледі. Мәселен, шетел тауарларын сату және сатып алу барысында тауарларды кедендік рәсімдеу кезінде жалған классификациялау әрекеттері көрініс тауып жатады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экспорт пен импортқа талдау жүргізу нәтижесінде ақшалай көрсеткіштердің айырмашылығы он жылдың стистикасына сәйкес 679,1 млн. доллар айырмасын көрсеткен.

- Өткен жылы контрабанда мәселесін көтерген болатынбыз. Бір тараптан мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеп жатыр, кәсіпорындар ашылып жатыр. Бірақ, екінші тараптан  өзіміздің нарықта арзан клонтрабандалық тауарлар да көп. Шекаралас өңір болғандықтан, бірінші кезекте Өзбекстанның контрабандасы бізге келеді. Екі жылдың статистикасын алсақ Өзбекстанға шығарған экспортымыз бен оларға кірген импорт екеуі тепе тең. Ол жақта қадағалау жағы қатаң болғандықтан бірде бір қорапты ол жаққа декларациясыз өткізе алмаймыз. Ал, олардың шығарған экспорты мен бізге кірген импортын салыстыратын болсақ 500 млн. доллар айырмашылық бар. Өзбекстанда тауарларды сыртқа шығару бойынша белгілі бір топтар жұмыс істейді. 0,65 цент 250 теңгеге жуық 1 килограмдық кез келген затты ешбір салықсыз кез келген базарға дейін жол пұлымен қосып өткізіп беру жүйелі түрде құрылып, топтар жұмыс істейді», - дейді Нұрлан Орынбасарұлы.  

 Кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпкерлерді Өзбекстанның нарықтық ұстанымдарын қадағалай отырып әлеуметтік жауапкершілікті қолға алуға шақырады. Себебі, сырттан келген сапасыз тауарлардың салдарынан орын алатын түрлі келеңсіз жайттар мен оқиғалардың алдын алуды жөн санап отыр. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы биылғы жылы Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттеріндегі тексеру жұмыстарын онлайн үлгіде бақылауды қолға алып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер