Жәрмеңкеде азаматтарға екі қолға бір күрек табылды

image_750x_5b178423de1ea.jpg

Шымкентте Абай саябағындағы «Көркемсурет» галереясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шарада өңіріміз ғана емес, солтүстік облыстардан бос орындар ұсынылды. Жалпы  жергілікті 214 жұмыс беруші 1 745 бос орын ұсынды. Ал Солтүстік өңірлерден 900-ден аса жұмыс беруші қатысып, 3 857 бос жұмыс орнына маман шақырды. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту орталығы 4 мыңнан астам жұмыс іздеуші азаматты жәрмеңкеге шақырған. Яғни, ол азаматтар ұсынылған бос орындар бойынша өзіне ыңғайлы кәсіпті таңдауға мүмкіндік алды. 2017 жылы еліміздің Солтүстік өңірлерінен ұсынылған бос жұмыс орындарына орналасу мақсатымен 360 отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп, қазіргі таңда 51-і көшіп, жайғасып алды. Оның 28-і Солтүстік Қазақстанға, 2-уі Қостанай, 10-ы Павлодарға, 11-і Шығыс Қазақстан облысында қоныс тепкен. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында соңғы екі жылда 23 мыңнан астам азамат әлеуметтік қолдауға ие болған. Сонымен қатар Бағдарлама шеңберінде 1100 жас түлек жастар практикасына қатысуға ниет білдірген және 2000-ға жуық жұмыссыз азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысуда. «Тағы 700-ден астам азаматты ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдау бүгінгі күннің басты мақсатына айналып отыр» дейді жәрмеңкені ұйымдастырушылар. Қалалық әкімдік өкілдері мұндай жәрмеңкені алдағы уақытта да ұйымдастырмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер