"Тассай" индустриялды аймағында 7 жоба жүзеге асырылады

image_750x_5b178648c8ce9.jpg

Шымкенттегі  «Тассай» индустриялық аймағында биыл жалпы құны 19 млрд. 684 млн. теңгені құрайтын жеті жоба іске асырылатын болады. Нәтижесінде 720 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Индустриялды аймақтағы «Asia Trafo» ЖШС-нің 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаратын зауыты 2016 жылдан бастап салына бастаған болатын.  Нысанды іске қосу жұмыстары 2018 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр. Кәсіпорын іске қосылған жағдайда 400 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Айта кетейік, кәсіпорын кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жүзеге асырылуда. Мұндағы жоба құны 17,5 млрд. теңгені құрайды. Зауыт жылына 120 трансформатор шығаруды жоспарлап отыр. Зауыт өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерінің сұраныстарын қанағаттандыратын болады. «Тассай» индустриялық аймағының жалпы аумағы 89 гектар. Мұнда бүгінде жалпы құны 37 млрд. 948 млн. теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобалар толық іске асса, 1631 жұмыс орны ашылмақ. Индустриялық аймақты аралап көрген өңір басшысы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының да барысымен танысты. Қазіргі таңда аймақта 2500 декоративті тал-дарақ отырғызылған. Олардың арасында қайың, қырымдық қарағай, қарағаш сынды түрлері де бар.


  Айта кетейік,  «Тассай» Шымкенттегі ірі индустриялық аймақтардың бірі. Ондағы жобалар іске қосылған жағдайда қаланың экономикасына айтарлықтай үлес қосатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер