18 оқулық таныстырылды

image_750x_5b17816313f44.jpg

Шет тілінінен аударылған 18 кітап Шымкентке  де жетті. Таяуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша әлемдік білім қазынасының қатарына енген 18 кітап аударылған болатын. Аталған оқулықтар облыс орталығына жеткізіліп, көпшілікке таныстырылды. М.Әуезов атындағы Оңтүстіктік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен оқулықтардың таныстырылымына жиналғандар көп болды. Көпшілікке алдымен аударма жұмыстары мен кітаптар мазмұны жайлы видеролик ұсынылды. 18 кітаптың төртеуі — философия, үшеуі — психология, екеуі — социология, тағы екеуі — лингвистика ғылымдарына арналған. Қалған жетеуі экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, антропология, инновация және медиа салаларын қамтиды. Университетінің оқытушылары кітаптарды білім беру үрдісіне тиімді түрде енгізу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, оқулықтардың сапалы аударылғандарын алға тартып, студенттер үшін таптырмас мүмкіндік болғанын баса айтты. Оқулықтардың басты ерекшелігі тікелей қазақ тіліне аударылуы. Кезінде орыс тілінде оқып жүрген кітаптарды енді студенттер ана тілінде оқи алады. Жиын соңында жаңа кітаптар электронды түрде онлайн нұсқамен қатар, видео форматында да қолжетімді болатындығы айтылды. Университет ғимаратында он күн арнайы көрме ұйымдастырылып, онда 18 оқулықтың бәрі де қойылып, көпшіліктің назарына ұсынылғанын айта кетейік..

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер