Шымкенттің Бас жоспарына өзгерістер енуде

 image_750x_5b179fbdd2916.jpg

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев қаланың бас жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстардың кешенді жобасына қол қойған болатын. Өткен аптада  қала әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында Бас жоспарды өзектендірудің себептері айтылды.   «Жоспарды өзектендіру қалаға қосылған көптеген елдімекендердің жобасын егжей-тегжейлі қарастыруға мүмкіндік береді. Ал Бас жоспар – қаланы дамытудың ұзақ мерзімді тұжырымдамалық бағдарламасы» дейді ол. Қаланың көркіне айналғалы тұрған "Шымкент сити" қалашығы аумағында бүгінде жеке инсвесторлар құрылыс жүргізуде. Жалпы алаңы 42,6974 гектарды құрайтын аймақта 20 жер пайдаланушы өз есебінен құрылыс салуға ұсыныс білдіріпті. Қалашықта І және ІІ санатты көпқабатты тұрғын үйлер салу бойынша инвесторларға әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі. Жоспар бойынша қалашықта көпқабатты 324 тұрғын үй, 7 мектеп, 23 балабақша орналасады. Жиынға қатысқан қаланың бас сәулетшісі Нұрлан Архабаевтың айтуынша қалашықтағы тұрғын үйлердің қабат саны инвесторлардың ұсынысымен өзгеріске ұшыраған. «Қазір ол жерде Елбасының құрылысты жекеге беру тапсырмасына орай алпауыт компанияларлар жұмыс істеуде. Инвесторлардың ұсынысы бойынша ондағы тұрғын үйлердің қабаттары төмендетілді. Жоспарда 50 қабатқа дейінгі үйлер бар еді. Қалашықтың орналасқан жері биік болғандықтан құрылыс компаниялары қабатты көбейте берудің қажеті жоқтығын алға тартты. Енді онда 3-тен 16 қабатқа дейінгі сыйымдылығы үлкен үйлер салынады. Әрине арасында 25 қабатқа дейінгі бизнес орталықтары болады»,- дейді Н.Архабаев.  Сондай-ақ мұнда саябақтар, спорт кешендері мен мәдениет ғимараттары бой көтеретін болады. Бүгінде аталған аумақта инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның, 31 тұрғын үйдің және 1 200 орынды мектептің құрылысы басталған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер