Туристер ағылатын күн алыс емес

image_750x_5b17a101c6fc5.jpg

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ОҚО-да қайта жаңғыртуды талап ететін 500 ескерткіш анықталыпты. Олардың қатарында Шымкенттегі «Ескі қалашық» та бар. Қазір мұнда мамандар тұрғындармен жер телімін қайтару жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заңдастыру жағын қолға алды. «Ескі шаһар» аумағында  23 гектар жерді мемлекет мұқтажы үшін алу жұмыстары басталған. Бағалау жұмыстары аяқталған 30 жер телімінің 11-іне меншік иелері келісті. 8 меншік иесіне өтемақы ұсыну жұмысы жүргізілуде. Өтемақы бойынша келісімге келмеген меншік иелерімен мәселе сот арқылы шешіледі. «Ескі шаһар» аумағында тағы 50 меншік иесі бағалау жұмыстарына дайын. Қалған 154-інің құжаттарымен біздің мамандар танысып, жоспарға сәйкес жұмыс жасауда, – дейді Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімі мемлекет мұқтажына қайтару секторының меңгерушісі С.Мұратов. Қазір мұнда археологиялық қазба жұмыстарының бірінші кезеңі басталған. Аумағы 1000 шаршы метр болатын жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдар көптеген тарихи жәдігер тапты. Қайта түлегелі тұрған қалашықта биік қорған бой көтеріп, қолөнер шеберлерінің туындыларымен толығатын аумақ этноауылға айналмақ. Бұл тұста Әйтеке би көшесі кеңейтіліп, ал Қонаев даңғылы ескі қалашық арқылы жалғасып, Әйтеке би көшесіне барып қосылатын болады.Мұнда келген саяхатшылар тарихи жәдігерлермен танысып, рухани тынығатын болады. Ал сәулетшілер ашық аспан аясында қазба жұмыстарын жалғастырады. Бұл жұмыстар Шымкент қаласы мәдени астана жылы болып таңдалған 2020 жылға дейін аяқталуы тиіс. Арнайы бағдарламаның нәтижесінде бұл тарихи ескерткіш туристер мен сәулет және көненің көзіне қызығатын жандар үшін ерекше орынға айналмақ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер