Біздің ана тіліміз -- қазақ тілі -- бүгінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие. Ол Негізгі Заңымызбен бекітілген. Мемлекеттік ұлттық тіліміздің дамуына, жан-жақты қолданысқа еңгізілуіне, әсіресе, қазақ халқы, ұлтымыздың ұл-қыздары, сондай-ақ атамекенімде өмір сүріп жатқан өзге де этнос өкілдері жауапты.
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес этнос өкілдері арасында қазақ тілін оқып-үйренуге үндеу мақсатында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Тілге құрмет – елге құрмет" атты челлендж бастау алған болатын. Игі шараға қолдау білдірген №122 "Ақ көгершін" бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Гүлмира Сенгирова өз пікірін білдіріп, челленджді жалғап әкетті.
«Мен қазақ-өзбек аралас мектебінде оқыдым. Мектепті бітіріп Қазақстан Халықтар достығы университетінде қазақ тілінде білім алып шықтым. Тілді үйрену үшін ең алдымен тілдік орта болу керек деп ойлаймын. Мен қазіргі таңда құрбы құрдастарымның арасында қазақ ұлттарымен көп араласамын. Қазақ тілін белгілі бір мерзімде толық меңгердім деп айта аламын. Бұл жылдар бойы жинаған білім және сөздік қормен келетін нәрсе деп айтар едім. Қазіргі таңда қазақ тілінде білмімді одан әрі жетілдіру үшін Шымкент қалалық тілдерді оқыту- әдістемелік орталығында оқып жатырмын. Мемлекетіміз мемлекеттік тілді ақысыз оқып үйренуге жағдай жасаған. Осы челленджді ұжымдастарыма, құрбы-құрдастарыма, достарыма жолдаймын»,- деген Гүлмира Қазақстанда тұрып жатқан өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілді құрметтеуге, үйренуге, дамуына ат салысу қажет деп есептейді.