«30 жыл – 30 жетістік»

Screenshot_49.jpg

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «30 жыл – 30 жетістік» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырды. Шара Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің Галереясында қаладағы түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен өтті.  Фотокөрменің басты ұраны: «Жас ұрпақ еліміздің дамуында шешуші рөл атқарады».

Фотокөрме үшінші мегаполистің  дарынды суретші - дизайнерлерін, түрлі этнос өкілдері талантты жастарының туындыларын көрсету және насихаттау, олардың Тәуелсіздікті суреттер арқылы көрсетудегі өзіндік трендтерін анықтау, инновациялық креативті әлеуетін дамыту, халық арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды. 

«Отыз жылда жеткен жетістігімізді фотолар арқылы баяндап, елге ұсынғымыз келді. Фотокөрме биылғы жылы бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Біздің көздегеніміз ұлтаралық ынтымақтастықты арттыру және жастарға қолдау көрсету»,- дейді «Қоғамдық келісім мекемесі» қоғамдық көпшілік іс шаралар бөлімінің басшысы Азиза Исаева. 

Көрмеге сурет салумен, фотоколлаж жасаумен және қолөнермен айналысатын қаладағы 6 мектептен 50-ден астам өнер иесі 100-ге жуық туынды, атап айтқанда, еліміздің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктердің көркем бейнелерін (табиғат, пейзаж, ауыл, қала бейнелері, қазақтың ұлттық бұйымдары мен әшекейлерінің фотокартиналары, қолөнері мен қылқалам туындылары – ою-өрнектер, тұрмыстық бұйымдар, т.с.с.) ұсынды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Цифрландыру - халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылатуда
  • Шымкентте бұқаралық спорт дамып келеді
  • Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
  • Спонсоры строят спортивные площадки
  • «Сделано в Шымкенте»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер