Шымкентте техникалық-кәсіптік мамандарды даярлауға үлкен мән беріліп отыр

image_750x_5b177f60e567e.jpg

Шымкент қаласында Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру мақсатында «WorldSkills Kazakhstan- 2018» өңіраралық чемпионаты өтті. Білім сайысының ашылу салтанатына облыс әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә.Бектұрғанов бастаған Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері және Өзбекстан Республикасы мен Жамбыл, Қызылорда облыстарынан делегаттар, облыстық мәслихаттың депутаттары сынды 500-ден астам адам қатысты. Мамандар бүгінде Шымкентте техникалық-кәсіптік мамандарды даярлауға үлкен мән беріліп отырғанын айтуда. Салтанатты шараға қатысушы қонақтар студенттер жасаған ауыл шаруашылығы техникаларынан ұйымдастырылған және шығармашылық-инновациялық жобалық көрмелермен танысты.


     Айта кетейік, өңіраралық чемпионатқа Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының колледждерінен 123 студент қатысуда. Төрт күн бойына жалғасатын білім жарысында қатысушылар инженерлік, сантехника және жылыту, веб-дизайн, электрмонтаж, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, кескіндеме және сәндік жұмыстар, мобильді робототехника сынды 30 мамандық бойынша бақ сынасуда. Жарыс жеңімпаздары 2018 жылы маусым айында Астана қаласында өтетін ұлттық чемпионатқа қатысатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұрат Әйтенов: жобалардың саны емес, жұмыстың нәтижесі маңызды
  • Фестивальдер мәресіне жетті
  • Шымкентте жаңа оқу жылы Абай өлеңін оқумен басталды
  • Конституция күні қарсаңында тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
  • 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер