Газ техникалық қызметіндегі жұмысшыларға құрмет көрсетілді

image.png

Шымкент қаласының тұрғындары үшін қауіпсіз және тұрақты газбен қамту – аса жауапты сала. Осы маңызды қызметті үздіксіз атқарып келе жатқан – Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы «Шымкент қаласының газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары.

Мамандар күнделікті газ желілерін тексеріп, техникалық ақауларды жедел анықтау және жою жұмыстарын жүргізеді. Олар газ жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық тексерулерді жүйелі түрде жүргізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады. Сонымен қатар, кез келген апатты жағдайда жедел әрекет ету арқылы адамдардың өмірі мен мүлкін қорғауға үлес қосады.

Бұл мамандардың еңбегі көпшілікке көрінбесе де, олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі қаланың тұрақты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Әріптестер арасындағы тәжірибе алмасу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және заманауи технологияларды қолдану – олардың негізгі принциптері.

 Мекеменің әрбір қызметкері – шынайы еңбек адамдары, қаланың дамуы мен тұрғындардың жайлылығы үшін қажырлы еңбегін аянбай атқарып жүрген кәсіби мамандар. Жақында мекеме мамандары алғысқа бөленіп, еңбектері еленді. 

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы «Шымкент қаласының газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қалжайдайымен танысты.

Жиын қортындысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен мекеменің басшысы Айдар Бұралқиев ұжым мүшелерін «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекелерімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгісін, «Құрмет грамотасын», «Алғыс хатын» және мекеме мен салалық басқарманың «Алғыс хаттарын» табыстады.

Мұндай кездесулер кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауды күшейтіп, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлудің маңызды құралы болып табылады. Сонымен қатар, мерекелік марапаттар қызметкерлерді ынталандыру мен кәсіби беделін көтерудің бірден-бір жолы болып саналады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үздік медицина қызметкерлері марапатталды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы» қорытындыланып, үздіктер марапатталды
  • Газ техникалық қызметіндегі жұмысшыларға құрмет көрсетілді
  • Шымкент тұрғындарының жайлылығы жолындағы адал еңбек
  • Заң талаптарын бұзған нысандар жауапқа тартылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер