«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге мекеменің кәсіподақ мүшелері толығымен қатысты.
Орталықта 150-ге жуық кәсіподақ мүшелері бар, мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін кадр қызметкері Абуова Клара қоғамдық негізде атқарып келеді.
Жиын қорытындысында әлеуметтік орталық басшысының орынбасары Асқар Үсенбаев және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов мекеменің жұмысшыларын «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ филиалдың «Алғыс хаттарын» табыстады.
Салтанатты жиын соңы мәдениет саласының қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Сонымен қатар , кәсіподақ мамандары «Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
Орталықта 300-ге жуық кәсіподақ мүшелері бар, мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы қызметін 15 жылдан астам жұмыс жасап келе жатқан Гүлнұр Молдабекова қоғамдық негізде атқарып келеді.
Жиын қорытындысында әлеуметтік орталықтың басшысы Серік Бабакулов және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов мекеме қызметкерлерін Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне және зейнеткерлік жасқа келіп, құрметті демалысқа шығып жатқан азаматтарға филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгілерін, салалық басқарманың және мекеменің «Құрмет грамоталарын», «Алғыс хаттарын» және бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан қаржылай сыйлықтарын табыстады.
Сондай-ақ, Серік Әуесханов және Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбеков Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен кездесті.
Кездесу барысында мекеме басшысы Тимур Нарымбетов пен кәсіподақ төрағасы Марат Тулеев жұмыс орнындағы жағдайларымен, жұмыстарында пайдалану үшін жаңадан алынған техникаларымен, құрал-жабдықтарымен, жұмысшылардың жұмыс орнындағы әлеуметтік жағдайларымен таныстырды.
Аудан әкімі мен филиал төрағасы мекеме басшылығына және кәсіподақ ұйымына жұмысшылардың жұмыс орнындағы әлеуметтік жағдайларын жақсарту бағытындағы ұсыныстары мен тиісті тапсырмаларын беріп, қыс мезгілі кезінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Мекемеге қалалық жайлы ортаны қалыптастыруы үшін жаңа техникалар мен құрал-жабдықтар алынып, жұмысшылар саны сәйкесінше артып отыр. Мекеме басшылығы мен кәсіподақ арасында жасалған және еңбек инспекциясынан тіркеуден өткен ұжымдық шарты бар. Осы құжаттың негізінде жұмысшылардың еңбек құқын қорғау және олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту жұмыстары жүйелі жолға қойылған.
Кездесу қорытындысымен өткен жиында филиалдың төрағасы Серік Елемесұлы, аудан әкімі Маратбек Саменбекұлы және мекеменің басшысы Тимур Шәкірұлы мекеме қызметкерлері мен жұмысшыларын мереке қарсаңында «Жұмысшы мамандықтары жылын» қорытындылап, «үздік» деп танылған жұмысшыларға «Еңбек озаты» төсбелгілерін, «Құрмет грамоталарын» және «Алғыс хаттарын» табыстады.
