Дәстүрлі өнер мектебі ашылды

Screenshot_36.jpg

2021 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен байланысты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспардың іс-шаралары ұлттық мәдениетті ілгерілетуге, салт-дәстүрді жандандыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағдарланып отыр.

Айтулы мереке қарсаңында жоспарға сай Шымкентте «Қаратау» дәстүрлі ұлттық өнер мектебі ашылды. Салтанатты iс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов және жергiлiктi зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер  қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Ендігіде Сүгір  Әліұлы, Бапыш Қожамжарұлы, Төлеген Момбеков, Генерал Асқаров, Файзолла Үрмізов секілді тізбекті жалғар өрендер Шымкенттен шығады. Дәстүрлi ұлттық  өнер мектебінің негізгі мақсаты - еліміздің төл өнері мен мәдениетін дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару және дәстүрлі өнердің түрлi салаларын жан-жақты жандандырып, оны жастар арасында кеңінен насихаттауды көздейдi. Мектептің ашылу рәсiмiне қатысқан қала басшысы қобыз, айтыс, шертпе күй секілді бiрқатар кабинеттердi аралап, танысып шықты. 

- Халықтық дәстүрлі өнер  - бұл біздің мәдени мұрамыз. Ұлттық өнер арқылы өскелең ұрпақтың бойына қазақтың дәстүрі мен тұрмысын, адамдық мінезін сіңдіре аламыз. Ата-бабадан мирас болған ұлттық болмыс пен ұлттық өнерді ұмыт қалдырмаудың бір жолы – оны жастарға үйрету. Біз бүгін екі тарихтың ортасында тұрмыз. Бұл мектептен кешегі Майлықожа, Мәделідей ақындар, Сүгір мен Төлегендей күйшілер, Тәушен мен Әселхан апаларымыздай айтыскер қыздар шығады деп үміттенеміз. Осындай үлкен үмітпен сенім артып, жас келсе іске деп, мектептің тізгінін өз ұлдарыңыз, өнердің ыстық-суығында әбден шыңдалған, өткір тілді айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуовқа тапсырғалы отырмын. Бұл үлкен жауапкершілік. Ескі өнерді тірілтіп, жаңа заманға алып шығатын, Қаратау өнерін жаңғыртатын, Шымкенттің ғана емес Қазақтың атын әлемге шығаратын шәкірттер шығуына тілектеспін, - дедi Мұрат Әйтенов. 

Алғашында саз мектебі үшін жоспарланып салынғанымен, кейіннен қала әкімінің тапсырмасы бойынша дәстүрлі ұлттық өнер мектебі болып қайта жасақталған өнер мектебi 10 бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, ақындық өнер – айтыс, поэзия, әншілік өнер - дәстүрлі ән, жыр-терме, күйшілік өнер – домбыра, қобыз, жетіген, шешендік өнер - көркем сөз, көшбасшылық, актерлық өнер - сахна тілі, кино және театр, би өнері – ұлттық, классикалық, қолөнер - ағаш, былғары, тоқыма, тігіншілік, бейнелеу өнері - кескіндеме, графика, композиция, вокал – эстрада, классика, фортепиано, сольфеджио, мультипликация – анимация, кино, ролик. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер