Жаңа емхана ел игілігіне берілді

image_750x_5b17a3d5703e8.jpg

Облыстық клиникалық ауруханасының консультативтік диагностикалық №3 емханасы қайта жөндеу жұмыстарынан кейін ел игілігіне беріліп, өңірде алғаш рет витреоретиналды ота жасалды. Хирургиялық мастер классты Мәскеу қаласынан арнайы келген  жоғары санатты хирург Михаил Ширшов өткізді.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев аталған емхананың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, емдеу мекемесінің медициналық ақпараттандыру жүйесімен танысты.

1965 жылы салынған көне ғимарат небәрі үш айдың ішінде күрделі жөндеуден өтіп, Елбасының Жолдауы аясында заман талабына сай жаңартылыпты. Емхананың қабылдау бөлімінде триаж жүйесі орнатылған. Триаж науқастардың жағдайына қарай қызыл, сары, жасыл  түстерге бөліп сұрыптауға мүмкіндік береді. Шұғыл түрде медициналық көмек қажет ететін науқастар қызыл жолақты жолмен дәрігерлерге жөнелтіледі. Әрі қарай жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылатын науқастар жасыл жолақпен жіберіледі. Ал, өздігінен жүріп-тұра алатын пациенттер сары жолақтың бойымен дәрігерге барып қарала алады. Мұндай жаңашылдық науқастарды кезек күттірмей, ауыр хәлдегі науқасты ажалдан аралап алуға зор көмек болмақ.

– Ағымдағы жылдың басында оңтайландыру жүйесіне сәйкес үш айдың ішінде бұрынғы Көз аурулары ауруханасы толықтай күрделі жөндеуден өтіп облыстық клиникалық ауруханасының офтальмологиялық бөлімшесі болып ашылды. Күрделі жөндеу жұмыстары облыстық аурухананың жеке қорынан қаржыландырылған. Сондай-ақ, емхана заманауи техникамен жабдықталып, толықтай кешенді медициналық ақпараттандыру жүйесіне қосылған. Қазіргі таңда емханада үш бөлім жұмыс жасайды, 11 дәрігер медициналық көмек көрсетеді, – дейді облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер