Кәріз жүйелері жөнделуде

image_750x_5b17808ad6547.jpg

Үшінші мегаполисте инфрақұрылым жүйелерін реттеу жұмысы жалғасуда. Мамандар күн жылына салысымен газ құбыры, кәріз жүйелерін, электр бағандарын жаңартуға кірісіп кетті.  Алдағы уақытта қаладағы жергілікті бес мыңнан астам үй орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылатын болады. Қазіргі таңда екі нысанның құрылысы жүруде. Олар Тоғыс елдімекені мен Қайтпас-2 шағынауданында орналасқан. Ондағы кәріз жүйелерін ретке келтіру жұмыстарынан кейін 5192 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады деп күтілуде. Соның нәтижесінде жергілікті тұрғындарды кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 47,8%-ға жетпек. Айта кетейік, шаһардағы жалғыз тазарту құрылғылары кешенінің қуаттылығы тәулігіне 150 мың текше метрді құрайды. Ал қала әкімі Нұрлан Сауранбаев жауапты мамандарға барлық жұмысты дер кезінде аяқтауды тапсырды. Себебі күн суытып, жерге қырау түскен мезгілде кәріз жүйелерінің істен шығып тұрғындарды әуре сарсаңға салатын бар. Жауаптылар биыл мұндай олқылыққа жол бермейміз, нысандардың құрылыс жұмыстары уақытында бітеді  деп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Дуальді оқыту – кадрлар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер