"Наурыз пластиктің" ойыншықтарымен шетелдік балақайлар да ойнайды

image_750x_5b17859a9a179.jpg

Таяуда Шымкенттегі Көрме орталығында «Оңтүстік Қазақстан-Өзбек­стан» тоқыма өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі өтті. Екі күнге жалғасқан шарада тоқыма, киім және теріден жасалған өнімдер, фармацевтика, жиһаз, сувенирлер, спорттық тауарлар мен ойыншықтар өндіретін оңтүстікқазақстандық және өзбекстандық 60-қа жуық кәсіпорынның өнімдері қойылды. Кһрмеде өз өнімдерін ұсынған ұжымның бір Шымкенттегі «Наурыз пластик» кәсіпорны бүгінде Қазақстанға ғана емес шетелге де танымалып үлгерген. Кәсіпорынның сапалы ойыншықтары Қырғызстан, Әзірбайжан және Молдавия елдеріне сатылымға шыққан. 2013 жылдан бастап толық іске қосылған зауыт бүгінде ойыншықтың 20 шақты түрін шығарып отыр. Олардың қатарында «МАК» маркалы көліктің төрт түрі, шелектегі құрастырмалы ойыншықтың төрт түрі, шахмат пен дойбы да бар. Таяу күндері зауыт басшылығы квадроцикл шығаруды жоспарлап отыр. Мемлекеттің қолдауымен кәсіпорын қазір  «Оңтүстік» индустриалды аймаққа көшкен.  Кәсіпорын басшылығы ең алдымен балаға қандай ойыншық керек екенін зерттеп, оның психологиясына ену қажет екенін айтады. Ол үшін ойыншық сататын дүкенде сатушымен бірге біраз уақыт отыруға тура келеді. «Әр елдің баласының ойы әртүрлі. Біздің қазақстандық-тардың басым бөлігі ауылда тұрады. Оларға майда және тез сынып қалатын ойыншық ұнамайды. Біздің балалар көлемі үлкен ойыншыққа қызығады екен. Зерттеу барысында осыны аңғардық» дейді инженер-технолог Шухрат Юлдашев. Бүгінгі таңда зауыт айына 9 мың қорап ойыншық шығара отырып, қаланың кәсіпкерлік саласына, экономикасына айтарлықтай үлес қосып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер